Жүріп келе жатып ұялы телефон арқылы СМС жазу адам қозғалысының траекториясына әрі оның кескін-келбетіне әсер етеді.
Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, мұндай қорытындыны американдық ғалымдар жария еткен. Сынаққа қатысушыларды ұзақ уақыт бақылаған ғалымдар олардың жүріп келе жатып, ұялы телефондарынан СМС оқу және оған жауап берулеріне назар аударған.