Павлодар қаласының № 2 балалар көркем сурет мектебінің оқушылары Тайландтағы балалар суреттерінің XXIII халықаралық экологиялық конкурсы және Румынияда өткен балалар суреттерінің IX интернационалды байқауының қорытындылары бойынша дипломдармен марапатталды. Балалар суреттерінің экологиялық конкурсына Ирина Мастерованың «Продовольственные отходы. Сохраняя еду, мы сохраняем планету» картинасы жіберілген. Жетекшісі - Оксана Сидоренко, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі облыстық білім беру басқармасына сілтеме жасап.
Иринаның жұмысы Тайландтағы аймақтық кеңседе іріктеу турынан өтіп, Токиоға жіберілген болатын. Марапаттау салтанатына 160 елден 1200 қонақ қатысты. Конкурсқа әлемнің 78 елінен 70 мыңға жуық жұмыс ұсынылған болатын. Ира Мастерованың жұмысын конкурс комиссиясы жоғары бағалап, ІІІ орынға ие болды. Бұл конкурстың үздік жұмыстары постерлерге, буклеттерге жарияланатын болады. Интернационалдық конкурсқа әртүрлі жастағы оқушылардың 10 жұмысы ұсынылған болатын. Жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері және жоғары сынып оқушыларының көркемдік қолөнерді меңгерудегі шеберлік деңгейлерін бейнеледі. Румынядағы суреттер байқауына № 2 балалар көркем сурет мектебі конкурс ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша алғаш рет қатысты.
«Жүлделі орындарға ие болған Қазақстан Республикасының өкілдері мектеп оқушылары Аружан Жоламан және Регина Украинецтің табыстары жаңа шығармашылық шыңдарға шабыттандырады» - дейді педагогтары Жанар Шайкенова мен Раиса Степанко.