АҚШ-та "гинеколог" атын жамылған бозбала ұсталды

АҚШ-та

АҚШ-та өтірік гинеколог болып, әйелдерді жағалап жүрген бозбала ұсталды. Тосын оқиға Флорида штатындағы "Әулие Мария" ауруханасында тіркелген деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол бір айдан бері "анестезиолог" атын жамылып жүргенін ешкімге сездірмеген. 17 жастағы жасөспірім арнайы жоспар құрған.

Қолдан клиниканың мөрі басылған жалған бейдж жасап, ақ халат киіп, мойынына стетоскоп тағынып, күнде клиникаға қызметкер ретінде кешікпей келіп жүріпті.

Сөйтіп, толық бір ай көлемінде гинекология бөлімін жағалаған. Дәрігерлермен бірге күрделі операцияларға да қатысқаны мәлім болуда. Ал полиция құрығына гинекологтың қарауына келген бір келіншекке күш көрсетпек болған сәтінде түскен.

Поделиться
+1