"ҚазАгро" Холдингінің несиелік шарты өзгермейді

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы Холдингі" өз клиенттерін девальвациядан қорғау мақсатында барлық тиімді шараларды қолдануды көздеп отыр", деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингіне сілтеме жасап.
"ҚазАгро" Холдингінің компаниялар тобы мен агроөнеркәсіптік нысандарына берілген несиелердің негізгі бөлігі индекстелмейді. Қарызгерлердің негізгі бөлігі үшін несиелендіру шарты бұрынғы қалпында қалады, міндеттемелер арттырылмай, әуелде бекітілген кесте бойынша қайтарылады екен.
Айта кетейік, негізі "ҚазАгро" Холдингінің несиелік портфелі 343,3 млрд.теңгені құраса, соның 26,7 млрд.теңгесі немесе 8 пайызы валюта есебінде, яғни қаржыландыру көзінің біразы сыртқы нарықтан алынса, енді бірі шетел қаржы институттарының қаржылық тізіміне байланысты. Осы бағдарламалар бойынша қаржыландырылған тұтынушылар үшін холдинг мынандай женілдіктер қарастыруда:
1. Ауыл шаруашылығын Ислам даму банкінің қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын "Сәтті" бағдарламасы бойынша - микронесиелеу шарттары өзгермейді, қаржылай қолдау Қоры барлық валюталық тәуекелдерді өз мойнына алады. Бүгінгі күні "Сәтті" бағдарламасы бойынша 1 417,2 млн.теңге сомасына 492 жоба қаржыландырылған.
2. Дрезнер банкі арқылы қаржыландырылған Аграрлық несиелік корпорациясы есебінен несиелендірілген қарыз алушыларға компания қарызды теңгеге ауыстыру мүмкіндігін қарастырмақшы. Былайша айтқанда, ҚР Ұлттық Банктің девальвацияға дейінгі валюта бағамы бойынша, яғни 155,56 теңгемен.
3. "ҚазАгроҚаржы" компаниясынан лизинг пен несиелендіру бағдарламалары бойынша қарыз алғандарға қатысты айтсақ, оларды "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында қаржылық сауықтыру бағдарламасында бірінші кезекке кіргізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді.

 

Поделиться
+1