Жастар құрамасының кеңейтілген тізімі жасалды

Еуро іріктеу додасының аясындағы кезекті ойынның қарсаңында Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис команданың кеңейтілген тізімін түзді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
27 ақпанда футболшылар Астанада жиналып, жеті күндік оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Бұл жиынға Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис отыз бір футболшыны шақырған екен. 
Қақпашылар: Стас Покатилов ("Шахтер" Қарағанды), Станислав Павлов ("Ақтөбе"), Михаил Голубничий ("Ертіс" Павлодар)
Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев ("Ертіс" Павлодар), Евгений Левин ("Ордабасы" Шымкент), Кирилл Пасичник ("Атырау"), Саят Сариев ("Жетісу" Талдықорған), Григорий Сартаков ("Ертіс" Павлодар), Рафкат Аслан ("Тобыл" Қостанай), Тимур Рудосельский ("Қайрат" Алматы), Дмитрий Шмидт ("Восток" Өскемен), Максим Грек ("Ордабасы" Шымкент), Сергей Кейлер ("Қайрат" Алматы), Дмитрий Мирошниченко ("Ақтөбе"), Игорь Пикалкин ("Астана")
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан ("Қайрат" Алматы), Исламбек Қуат ("Астана"), Шерхан Бауыржан ("Қайрат" Алматы), Абылайхан Тотай ("Жетісу" Талдықорған), Александр Ульшин ("Оқжетпес" Көкшетау), Илья Калинин ("Қайсар" Қызылорда), Әлібек Аяғанов ("Ертіс" Павлодар), Эльвин Аллаяров ("Ертіс" Павлодар), Айбар Нурыбеков ("Атырау")
Шабуылшылар: Роман Мұртазаев ("Шахтер" Қарағанды), Станислав Лунин ("Шахтер" Қарағанды), Виталий Ли ("Шахтер" Қарағанды), Тоқтар Жаңғылышбай ("Шахтер" Қарағанды), Абзал Бейсебеков ("Астана"), Қуаныш Бегалин ("Ертіс" Павлодар), Максим Фильчаков ("Ордабасы" Шымкент)
Айта кетейік, бұл жаттығу жиындарынан кейін Қазақстан жастар құрамасы 5 наурыз күні елорданың "Астана-Арена" стадионында Исландия жастар құрамасымен кездеседі. Бұл ойын жастар құрамалары арасындағы "Еуро-2015" іріктеу додасының аясында өтпек.

 

Поделиться
+1