Дмитрий Карпов Азия чемпионы атанды

Жеңіл атлетиканың онсайыс түрінен Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшыларының бірі Дмитрий Карпов Азия чемпионы атанды деп хабарлайдыTengrinews.kz KazSport арнасының ресми сайтына сілтеме жасап. 
БҰл атаққа жеңіл атлет Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қол жеткізді. Спортшының айтуынша, бұл жеңіл атлетиканда өтіп жатқан Азия чемпионатын, келер жылғы Кореяда өтетін Азия ойындарына деген басты дайындық деп бағалауға болады екен.
"Жарыстың бірінші және екінші кезеңдерінде сәтті өнер көрсеттім деп айта алмаймын. Дегенмен, соңғы 1000 метрлік қашықтыққа жүгіруде қарсыластарымнан біраз озып, ұпайымды көбейтіп алдым. Мен бұл жарысты Азия ойындарына деген басты дайындық деп айтар едім. Егер, Азия ойындарындағы көрсеткішім жақсы болса, келер Олимпиада ойындарына қатысатын боламын", - дейді спортшы
Айта кетейік, 32 жастағы Дмитрий Карпов 2004 жылы Афинадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болып табылады. Сондай-ақ бұл спортшы бірнеше мәрте сары құрлық бірінішлігін де жеңіп алған. 

Поделиться
+1