Құрамаға үміткер ойыншылардың тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан команда қатарына қосылуы мүмкін деген ойыншылардың кеңейтілген тізімін жасады деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. 
Бұл тізімге қазірше 32 футболшы іліккен екен. Дегенмен, алдағы уақытта бапкер тізімді біршама қысқартады. Сонымен, кеңейтілген Қазақстан құрамасына мына ойыншылар еніп отыр:
Қақпашылар: Андрей Сидельников ("Ақтөбе"), Александр Мокин ("Шахтер" Қарағанды), Владимир Логиновский ("Астана"), Антон Цирин ("Атырау");
Қорғаушылар: Елдос Ахметов ("Астана"), Марк Гурман ("Қайрат" Алматы), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе"), Виктор Дмитренко ("Астана"), Ренат Абдулин ("Атырау"), Валентин Чуреев ("Атырау"), Захар Коробов ("Жетісу" Талдықорған), Константин Энгель ("Ингольштадт" Германия), Сергей Малый ("Шахтер" Қарағанды);
Жарытлай қорғаушылар: Марат Шахметов ("Астана"), Серікжан Мұжықов ("Астана"), Жамбыл Көкеев ("Қайрат" Алматы), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы" Шымкент), Ұлан Қонысбаев ("Шахтер" Қарағанды), Андрей Карпович ("Атырау"), Дмитрий Шомко ("Астана"), Валерий Коробкин ("Ақтөбе"), Асхат Тағырберген ("Ақтөбе"), Марат Хайруллин ("Ақтөбе"), Павел Шабалин ("Ақтөбе"), Анатолий Богданов ("Тобыл" Қостанай), Гейнрих Шмидтгаль ("Фортуна" Германия), Бауыржан Жолшиев ("Шахтер" Қарағанды), Нұрбол Жұмасқалиев ("Тобыл" Қостанай), Мақсат Байжанов ("Шахтер" Қарағанды);
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев ("Астана"), Андрей Финонченко ("Шахтер" Қараганды), Сергей Хижниченко ("Корона" Польша), Сергей Остапенко ("Астана"), Алексей Щеткин ("Атырау").
Айта кетейік, құраманың қатарында қалатын ойыншылардың тізімі 27 ақпанға дейін шығуы керек. Өйткені, дәл осы күні біздің құрама жаңа бапкердің бастамасымен Түркиядағы алғашқы жаттығу жиындарына аттанады. Ал, 5 наурыз күні Қазақстан құрамасы 2014 жылғы өзінің алғашқы кездесуін Литваға қарсы өткізеді. 

 

Поделиться
+1