Пингвин зоопарк қызметкеріне ғашық болып қалды

"Зоопарк қызметкеріне ғашық болып қалған аналық пингвин YouTube жұлдызына айналды" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 
Бұқаралық ақпарат құралының мәлімдеуінше, өзінің өмірлік серігінен айырылған Сакура лақапты аналық пингвиннің ендігі таңдауы адамға тоқтапты. Ғалымдардың айтуына қарағанда, табиғатта мұндай құбылыстар болып тұратын көрінеді. Шамасы, пингвинге хайуанат бағы қызметкерінің өзіне деген қамқорлығы әсер еткен болуы керек. 
Сакура өзі іш тартқан сүйіктісінен бір қадам ұзамайды. Хайуанат бағы қызметкері болса, қамқорлығындағы құстың мұндай көңіліне қуанышты екенін айтады.

 

Поделиться
+1