Brent маркалы мұнай барреліне 109 долларға жетті

"Brent маркалы мұнай бағасы бүгінгі күні барреліне 109 долларды құрап отыр. Бұл туралы Forex Club-ның сарапшысы Валерий Полховский мәлімдеді", деп жазадыTengrinews.kz тілшісі. 
"Brent және WTI маркалы мұнай бағасы өткен аптада жоғары деңгейге жетті. Оған, 14 ақпан күнгі индекс бойынша айтсақ, әлемдік экономикадағы алпауыттардың жанармайға деген сұранысының артуы себеп болған", - дейді сарапшы.
Сонымен, бүгін, яғни 17 ақпан күні Brent маркалы мұнай барреліне 109,40 доллар көлемінде бағаланып отыр. Ал WTI маркалы мұнай барреліне 100 долларға жетіп, екеуінің айырмасы 8,54 долларды көрсетуде. 
"Техникалық" сараптама тұрғысынан айтсақ, яғни болашақтағы мұнай бағасының өткен кезеңдегі баға мөлшері есебінен өзгеруі Brent маркалы "қара алтынның" барреліне 109 долларға "талпынуы" бес бірдей сауда-саттық сессиясы кезінде текке кетпеді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 111 долларға көтерілуі ғажап емес", - деп санайды сарапшы. 
Сондай-ақ, ол "17 ақпан АҚШ-та банктер демалатын күн. Сондықтан да, сауда-саттық электронды түрде өткізілді. Демек, бұл күні ешқандай макроэкономикалық статистика жария болмайды деген сөз" деп атап өтті.
Егер сарапшы, жаңылыспаса, Brent және WTI маркалы мұнай бағалары осы ай бойы жоғары көрсеткішті ұстап тұрады. Бұл - бірінші кезекте, АҚШ-тағы ауа-райының суықтығына байланысты. Оның айтуынша, бұл елдегі 25 пайыз үй шаруашылығы мазутты пайдаланады. 

 

Поделиться
+1