Қаржы полициясы қысқартылмайды

Бүгінде ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін қысқартып, оның қызметін басқа мемлекеттік органға беру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукинге сілтеме жасап. 
"Иә, соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында және блогерлер арасында қаржы полициясының құзіретін басқа мемлекеттік органға беруге қатысты ақпарат тарала бастады. Негізі, сыбайлас жемқорлық мен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жүргізетін органды (қаржы полициясы - авт.) тарату мәселесі мүлдем көтерілген жоқ. Осы ретте айта кетер жәйт, бүгінгі жаңа қауіп-қатерлерге байланысты кез келген мемлекеттік органның қызметі жетілдіріліп отырады. Сондықтан қазіргі кезде әрбір мекеменің тиімділігін арттыру мәселесі қаралып жатыр", - деп атап көрсетті бүгінгі брифингте А.Лукин. 
Айта кетейік, бұған дейін ғаламторда қаржы полициясының экономикалық қылмыстарды тергеуге қатысты құзіреті басқа мемлекеттік органға берілуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Поделиться
+1