Көктөбелік «қалжыңбас» төрт жылға сотталды

Көктөбе ауылының тұрғыны ұрлық жасағаны үшін және зейнеткер кеуананы тонамақ болғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Май аудандық сотының баспасөз қызметінен. 2013 жылдың соңында бұрын сотталған С есімді азамат қонақта барған жерінде үй иесінің ақша салынған әмияны мен қалта телефонын ұрлап кеткен. Сол күні ол көшеде зейнет жасындағы кейуананы қорқытып қол сөмкесін тартып алмақ болған. Абырой болғанда бір ер адам көмекке келіп, тонаушыны ұстап алған. 
Сот барысында айыпталушы ұрлық жасағанын мойындағанымен зейнеткерге жасаған шабуылын «қорқыту үшін қалжыңдаған едім» деп түсіндірген. Әйтсе де келтірілген дәлелдерді қаперге ала отырып аудандық сот оны бес жылға жазаға кесіп, түрмеге қамау жөнінде шешім шығарды. Ал, Павлодар облыстық аппелациялық инстанция оның бір жылын азайтып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Поделиться
+1