Ерлан Арынның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда

Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда.
Ол облыстық әкімшілік пен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында жасалған 2013 жылға өзара әрекеттестік меморандумы шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыруға демеушілік көмек ретінде бөлінген 23 млн.теңгені заңсыз иеленді деп айыпталуда.
Сонымен қатар, оған құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жету үшін пара алу фактілері бойынша айып тағылуда. 2014 жылғы 6 наурызда Арын сот санкциясымен қамауға алынды. Бүгінгі күні оның басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады. Бұл туралы қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Поделиться
+1