Баянауыл сұлуы "Наурыз аруы" атағын жеңіп алды

Павлодарда Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Наурыз аруы» облыстық байқауы өтті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.


Өңірдің ең сұлу қызы атағы үшін он екі бойжеткен бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, арулар рухани тазалықты сақтап, тарих пен әдеп-ғұрыпты, мәдениетті жетік білуі тиіс. 
Бірінші орынды Ертіс ауданының сұлуы Айнұр Әбілдинова, екінші орынды Майқайың ауылынан Бағила Жылқыбаева, үшінші орынды Качир ауданының намысын қорғаған Әсел Серік иеленді. 
«Наурыз аруы» байқауының бас жүлдесін Баянауыл ауданынан Жансұлу Болат жеңіп алды. Сондай-ақ, Успен ауданынан Гүлжазира Сейтказина «Сымбатты ару», Лебяжі ауданынан Мақпал Қайрат «Нәзік ару», Екібастұз қаласынан Жұлдыз Түлкібаева «Өнерпаз ару» аталымы бойынша марапатталды.

 

Поделиться
+1