Дәрігерлер мен науқастарға арналған алғашқы тегін DARIGER мобильді қосымшасы енді iOS операциондық жүйесінде


Beeline Қазақстан және  «MedElement» компаниясы «Dariger»  мобильді қосымшасының iOS операциондық жүйесіне арналған нұсқасы ашылғанын хабарлайды. Оның тұсаукесері С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде өтті.

 «Dariger» қосымшасы – бұл барлық негізгі ауруларды анықтау мен емдеудің ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамалары. Ол дәрігерлер мен медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған, сонымен қатар өз денсаулығына салғырт қарамайтын жандарға тигізетін септігі мол.

««Dariger»  -  бұл Beeline Телемедицина ғаламдық әлеуметтік бағдарламасының алғашқы жобасы, жобаның мақсаты қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және өмірінің сапасын арттыруға жағдай жасау. Өткен жылғы күзде, қосымшаның Android бағдарламасына арналған нұсқасы іске қосылған. Ол нұсқа бірден ең көп жүктелетін өнімдердің жетекші ондығына кірген болатын: бүгінгі күнге дейін 6500 рет жүктелген. iOS операциондық жүйесіне арналған нұсқаның ашылуының арқасында  «Dariger»  қосымшасының көптеген адамдар үшін қол жетімді және пайдалы бола түсетініне сенімдімін», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь пікір білдірді.

 «Ақпараттық технологияның ғасырында, ұялы байланыстың адам өміріндегі барлық салаларға әсер етуі артып бара жатқан заманда, медицина тәрізді маңызды салада халқымыздың сауаттылығын арттыруға бағытталған қызметтердің ашылуы өте өзекті мәселе. «Dariger» қосымшасы жас дәрігерлер мен студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өз бетінше дәрігерлік қызметке дайындалуына жағдай жасайды деп ойлаймын және бұл оқу үрдісінде тамаша демеуші. Бұған қоса,   Beeline байланысының арқасында қажетті ақпаратқа денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ғана емес, арнайы білуге қызыққан барлық қазақстандық қол жеткізе алады», -деп С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің ректоры, профессор Айқан Ақанов өз ойымен бөлісті. 

 

«Біздің компанияның, ҚР ДМ жобаларының аясындағы жеке және мелекеттік медицина саласында қолдануға қолайлы көптеген электронды шешімдері бар. Бұл өнімдердің кейбірі – әлеуметтік  өнім және олар тегін ұсынылады. Beeline байланысының көмегімен біздің өнімдеріміздің бірі – ауруларды анықтау мен емдеу хаттамаларына негізделген өнім – мобильді құрылғының қолданушыларына қол жетімді болды. «Dariger» мобильді қосымшасы осылай пайда болды», - деп әлеуметтік қосымшаны жасаушы «MedElement» компаниясының Бас директоры Виталий Ермоленко атап өтті.

 

 

«Dariger» қосымшасын Android (2.1-ден бастап) және iOS операциондық жүйелері бар смартфондар мен планшеттерге жүктеп, орнатуға болады (Google Play мен  App store-де жүктеуге болады).

 

***

Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы  — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу,  Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G  желісіне қосылу қызметтерін көрсететін еліміздегі бірден-бір әмбебап оператор.

2013 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 9,2 миллионнан астам  клиент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық  телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша алтыншы орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді.  2013 жылғы көрсеткіш бойынша компания  229 млн. абонентке  қызмет көрсетеді.

Поделиться
+1