Павлодарлық әмбебап полицейлер жарты сағатта ұрланған көлікті қайтарды

Павлодарда әмбебап полицейлер машина ұрлап кеткен екі жігітті жарты сағат ішінде құрықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Кезекші бөліміне 27 жасар қала тұрғыны келіп, белгісіз біреулер үйінің жанындағы көлігін мініп кеткенін хабарлаған. Бағдар алысымен қылмыскерлер жасырынып қалмауы үшін полицейлер бірден іске кірісті. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері бағдар алысымен ұрланған көлікке ұқсайтын машиналарды іздестіреді. Көп ұзамай көлікті мініп кеткен ешбір жерде жұмыс істемейтін 19 және 21 жасар қала тұрғыны қолға түсті. Олар өздерінің бұрын-сонды мұндай қылмыс жасамағандарын және бұл жолы көлікке келетін кілтті таңдап, кетіп қалғандарын айтып ақталады.

Поделиться
+1