Байқоңырдан ұшырылған "Протон" апатқа ұшырады

"Жұма күні түнде (Астана уақытымен 3:42) Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған бортында ресейлік "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигі бар зымыран тасығыш "Протон" апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша ғарыш кемесі Қазақстан аумағынан сырт жерге, Алтай аумағына не Тынық мұхитының акваториясына құлаған болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости ақпарат құралына Орталық өкілі Хруничева мәлім етті. Роскосмос таратқан ақпаратқа қарағанда, оқыс жағдай ұшу барысының 540-ыншы секунтында жұмыстың үшінші сатысында орын алған" деп хабарлайдыTengrinews.kz.

Сонымен қатар Роскосмостағы дерек көзі зымыранның әлі де ғарыш кеңістігінің белгісіз орбитасында жүруі ықтимал екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, орын алған апат "Протонның" міндетті түрде жерге құлауына әкеліп соқтырмайды.

Зымыран-ғарыш саласының дерек көзі "Протонның" апат себебі анықталмайынша, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру тоқтатылады. Бұл шешім ұшырылуы 15 маусымға белгіленген "Протон-М" ғарыш кемесіне де қатысты" деп мәлімдеді.

"Экспресс-АМ4Р" - ең қуатты және жоғары технологиялы ресейлік байланыс спутнигі. Ғарыш аппаратын еуропалық EADS Astrium компаниясы жасаған, оның салмағы 5,8 тонна. Ол Ресейдің және ТМД елдерінің аумағын тұрақты түрде, толықтай байланыспен қамтамасыз ете алады.

Поделиться
+1