Америкалық актер өз әйелін атып тастады

Америкалық актер Майкл Джейс өз әйелін атып тастады деген күдікпен Лос-Анджелесте тұтқынға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып. 

Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі Гайд-Парк ауданында орналасқан америкалық актердің үйінде зорлық-зомбылық болғанын, қарудан оқ атылғанын полицияға сол үйдің көршілері хабарлаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан актердің әйелі Эйприл Джейстің оқ тиген мәйітін тауып алды. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, әйел бірден көз жұмған.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпараттарға сүйенсек, Джейс әйелін атып тастағанын айтып, полицияға өзі хабарласқан. Қайғылы оқиға болған кезде  Джейстің екі кішкентай баласы да үйде болған көрінеді. 

Майкл Джейс "Щит", "Саутленд" секілді телесериалдарда, сондай-ақ "Форрест Гамп" және "Үлкен ойын" атты фильмдерде ойнаған.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/world_news/amerikalyik-akter-oz-ayeln-atyip-tastadyi-254086/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

 

Поделиться
+1