Жуырда Павлодар ауданының соты күкірт қышқылын сақтаған Луганск ауылының тұрғынына қатысты істі қарастырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Тексеру барысында полицейлер ер адамнан 235 милилитр тыйым салынған зат алған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, күкірт қышқылын зерттеуге ұсынылған концентрация 76 пайызды құрайды. Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті болып табылады.
Айыпкер өз кінәсін толық мойындап, қышқыл бар құтыны өзінде сақтағанын және оны сатуды жоспарламағанын айтты. Алайда, сот «қор жинағыш» ауыл тұрғынын әкімшілік тұтқынға тәулікке алуды ұйғарып, үйінен табылған зат жойылды.