Майдандағы баррикадада тағы да дөңгелектер өртелді

"Киевте Майдандағы баррикадларды бұзбақшы болған коммуналдық қызметкерлер белсенділердің қарсылығына тап болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz LB.ua ақпарат құралына сілтеме жасап. Қарсылық шарасын ұйымдастырушылар дөңгелектерді өртеді. Белсенділер барикаданы бұзуға төрт жүк көлігімен келген коммуналдық қызметкерлерді тоқтатты.

Белсенділер мунициальді қызмет өкілдерімен дауыс көтеріп сөйлескен. Олар, Киев мэрі Виталий Кличконың тәртіп орнатуына мүмкіндік бермейтіндерін, өйткені жүйе өзгермегенін айтқан. Хабарламаға қарағанда, оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келмеген. Бұған дейін Lenta.ru, мемлекет басшысы міндетін орындаған Александр Турчиновтің Киевтің орталығында шара қатысушылары құрған палаткалы қалашықты бұзуды талап еткен мәлімдеген болатын. Бұл 7 маусымға, яғни жаңа сайланған президент Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Өз кезегінде Киев мэрі Виталий Кличко, бұған дейін, белсенділерден алаңды босатуды өтінген болатын. Оның айтуынша, Майдандағы баррикадалар "өз міндетін" орындап болған. Сондай-ақ, Кличко олардан киевтік қалалық кеңес ғимаратын босатуды, оның жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді сұраған. Өз үндеуінде ол билік шараға қатысушыларға күш көрсетпейтінін айтады.

Поделиться
+1