Автобус 22 адамды қағып кетті

"Санкт-Петерборда бағыттағы автобус жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, салдарынан 22 адам зардап шекті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербор және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінесілтеме жасап.

Оқиға қала ортасында, Невский даңғылында шамамен сағат 21:00-де орын алған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, бағыттағы "ЛиАЗ" автобусын басқарып келе жатқан жүргізуші есінен танып, жолаушылар көлігі төрт жол белгісінің бағаналарын қиратып, жаяужолда кетіп бара жатқан жүргіншілерді қаққан.

Зардап шеккендер арасында жасөспірімдер бар. Көлік жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Поделиться
+1