Павлодарское ауылында өрт болды: мал басы шығыны бар

Павлодарское ауылындағы шаруашылық аланда құм блогтан  тұрғызылған қорадан өрт шығып, он тонна шөп жанып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 
Қызыл жалын әп сәтте ағаш жабындының құрылмдары мен қораның күлін көкке шығарып, 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Нәтижесінде қораның ішінде қалған бір бас жылқы, бұзауларымен бірге екі бас ірі қара мал, бір ешкі және тауықтар түтін ішінде тұншығып қалды. Тілсіз жаудың шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болса керек деген болжам бар. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда. Өрт сөндірушілермен он бір оттегі баллоны сыртқа шығарылды.

Поделиться
+1