Павлодар қаласының 42 білім беру нысанында пандустар орнатылады

Облыс орталығындағы 42 білім беру нысанына пандустар орнатылмақ, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz тілшісі Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге Павлодар қаласының бюджетінен 18 млн теңге бөлінген. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова мәлімдеді. Оның айтуынша, төлқұжат жасалған 182 нысанның 141-і қалаға тиесілі болып табылады. Қазіргі таңда олардың 153-і тиісті шараларды жүзеге асырған. Сонымен қатар алдағы уақытта 100 әлеуметтік нысанның мүлкі түгенделмек. «Басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандардың қызметіне деген қолжетімдігін арттыру. Айта кетерлігі, бұл бағыт ғимараттарға пандустарды орнатумен шектелмейді, болашақта әлеуметтік нысандарда санитарлық-тұрмыстық орындар мен арнайы тұрақтар да орнатылады », - дейді Л. Кузьменкова.

Поделиться
+1