"Ертіс" клубының спорт директоры Халімжан Ержанов қызметінен кетті

Денсаулығының нашарлауына байланысты бүгін "Ертіс" клубының спорттық директоры Халімжан Ержанов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 мамыр күні Павлодарда "Ертіс" командасының бас директоры Халімжан Ержанов пен клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен болатын. 

Бұл оқиға Ержановтың жалдамалы пәтерінің алдында болған. Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларын темір затпен соққының астына алған. Нәтижесінде Ысқақов басынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілсе, клубтың бас директоры басынан ашық жарақат алып, емханаға барудан бас тартқан.

Оқыс оқиға футболдан Қазақстан біріншілігінің 12-туры аясында жергілікті "Ертіс" клубы мен семейлік "Спартак" ұжымдары арасындағы кездесуден кейін болған.

Одан кейін Ержанов үш ай көлемінде "Ертіс" клубы сапындағы жұмыстарын жалғастырып келді. Бірақ, бүгін Tengrinews.kzTengrinews.kz

Поделиться
+1