Павлодарда көліктен 33 келіге жуық марихуана мен 900 грамм героин табылды

Павлодарлық тәртіп сақшылары өткізген жедел іздестіру шаралары барысында 900 грамм героин және 33 келіге жуық марихуана сақтаған 26 азаматты құрықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдегі ІІД есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің мамандары облыс орталығында ВАЗ 2114 маркалы автокөлікті тоқтатып, күдік тудырған екі жол дорбасын тапқан. Тінту барысында 900 грамм героин және 33 келіге жуық марихуана есірткісі табылды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал заңды бұзған азаматқа қарсы жаза «Қамау» шарасын қолдану туралы шешім қабылданды.

Поделиться
+1