"Алматы-Өскемен" тас жолында орын алған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары агенттігі Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД-нің ақпараты бойынша апат Алакөл ауданының Қызылашы ауылының маңында тіркелген. Салонында үш жолаушы болған БМВ көлігі аударылды.
"БМВ" жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолының 525 шақырымында көлігін басқара алмай, аударып алды. Көлік жүргізушісі мен бір болаушысы ауруханада көз жұмды. Тағы екі адам, оның біреуі бала Үшарал қаласындағы ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.