Петропавл тұрғыны Елбасына сыйлық дайындап жатыр

Петропавл тұрғыны Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше сыйлық әзірлеп қойды, деп хабарлайды astanatv.kz. Шебер өз қолымен сағат жасап шығарды. Оның төменгі жағында Ақ орда бейнеленген, орталығында Мемлекеттік ту, ал куранттарында Елтаңба салыныпты. "112 бөлшегі ағаштан, 86-сы қоладан, ал тағы екі бөлшегі күмістен тұрады. Елтаңба және есігін жабатын жапқыш және гаухар тастарына арналған орындар бар. Биіктігі 130 метр. Мен бұл сағат кемінде 50 жыл істейтініне кепілдік беремін", - дейді шебер Владимир Баранов. Елбасында сағаттардың үлкен жиынтығы барын естіген Владимир Баранов оған өз қолынан шыққан туындыны тарту ету туралы шешімге келеді. Сыйлықты қолда бар материалдардан жарты жыл жинаған. Өз жұмысын Президент іс-сапармен Петропавлға келгенде, көрсетемін дейді. Айта кетерлігі, Солтүстік Қазақтандық шебердің сыйы бұл ғана емесі. Ол Абылай ханның кеңсеге арналған заттарының көшірмесін жасап жатыр. Ал Президенттің 75 жылдығына пасхалық жиынтық әзірлемек.

Поделиться
+1