Ақтөбеде 20 жастағы бойжеткенді жабылып зорлағандар сотталды

Ақтөбеде 20 жастағы бойжеткенді жабылып зорлағандар сотталды. Күдікділер 3 пен 9 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылды деп хабарлайды BNews.kz.

Сот отырысы барысында Махават Нұрғалиев, Руслан Усманбеков, Александр Кульчиков, Андрей Елезаров пен Никита Туранский кінәлі деп танылды.

Біреуі бұрында істі болғандығына байланысты 9 жылға бас бостандығынан айрылса, қалғандары жеті жыл өмірлерін темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Ал екі күдікті қазір іздеуде жүр. Сотталушылардың ең жасы – 16 жастағы бозбала үш жылға сотталды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, ауылдан облыс орталығына жұмыс іздеп келген қыз "агент" арқылы жергілікті тұрғынмен танысқан. Бір аптадан соң жаңа танысы туыстарының үйіне қонаққа шақырыпты.

Бірер минутқа кіріп шығуға көндірген ол пәтерге кірген бойда қамауға алған. Арақ ішіп отырған топ еркектің біреуіне бойжеткенді туған күніне сый ретінде тарту ететіндігін айтқан. Бірнеше сағат бойы оны ұрып-соғып зорлаған.

Поделиться
+1