Сарапшылар Қазақстанда ең "ыстық" бос жұмыс орнын анықтады

HeadHunter Қазақстан компаниясының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде порталдағы ең "ыстық" бос жұмыс орындарын анықтады.

Қорытынды бойынша, жұмыстардың ішіндегі ең танымалы қорқор жұмысы болып шықты. Сонымен қатар, биылғы жазда "ыстық" бос жұмыс орындарының тізбегіне кәуәпші мен жарнама жапсыратын қызметтер кірді.

Оған қоса, шар сатушы, футбол жаттықтырушысы және аттракцион операторларының саны тапшы. Аттракционда, жағажай мен шипажайда аниматор, лагерде басшы, кемеде жүргізуші және саяжайды қарауда көмекші болғысы келетін адамдарға жұмыс оңай табылады.

"Шаруашылыққа көптеп көңіл бөлінеді. Сол себепті саяжайды күтуде көмекші және қойшы сияқты бос жұмыс орындары бар екендігін көріп отырмыз. Мұндай ұсыныстардың өзіндік тиімділігі де бар. Бұл салада тек мамандар ғана емес, студенттер мен оқушылар да жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады", - деді HeadHunter Қазақстан компаниясының PR және маркетинг бөлімінің басшысы Әсел Беженова.

Жұмыс берушілердің басым бөлігі ақпараттарды job-порталына енгізеді. Ол өз кезегінде уақытша жұмыс іздеп жүргендерге өте қолайлы әрі қолжетімді саналады.

Поделиться
+1