Павлодарда масалардың екінші "ұрпағы" ұшты

Павлодар облысы аумағында дисенсекциялық жұмыстар жалғасын табуда. Бір аптаның ішінде облыс орталығының 828 га, Ақсу қаласының 711 га және Екібастұз шаһарының 37 га жері өңделді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Алмагүл Исахановаға сілтеме жасап.
Өңір бойынша өңделген жер аумағы - 23 мың гектардан астам. Мамандардың айтуынша, аталмыш жұмыстардың тиімділігі 93 % құрайды. Экологтардың сөзіне сенсек, қазіргі таңда облыста масаның екінші генерациясы, яғни  екінші "ұрпағының" таралу үрдісі басталды . Жәндіктердің негізгі жаппай ұшуы саяжай аумақтарында жиі байқалады. Сондықтан, эколог-мамандар павлодарлықтарды абай болуға ескертеді. Саяжай немесе бау-бақша иелері маса дернәсірлері шоғырланған орындар тауып жатса, аталмыш жерлерді мұнай өнімдерімен (бензин, керосин) өңдеу арқылы күресуге кеңес береді.

 

Поделиться
+1