Александр Яковлев: Құрметті Путин мырза, бізді қорғайтын өз Президентіміз бар!

Орыстілділер мүддесін қорғау жөнінде кеңінен насихат жүргізуші Владимир Путинге қаратып Фейсбуктегі жеке парақшасы арқылы хат жазған қазақстандық Александр Яковлевтің аты-жөні бүгіндері бүкіл елімізге таныла бастады. Өйткені ол, біздіңше қиын-қыстау тарихи кезеңде азаматтық позициясын ашық білдіріп, өзін нағыз патриот екенін көрсетіп беріп отыр. Путинге деген хатында Саша өзінің Қазақстанда тұратын орыс екендігін, бірақ РФ президентінің көмегіне зәру еместігін, оны қорғайтын өз президенті барын жазыпты. Осы хаттан соң Сашаның блогына тіркелушілер саны күрт артқан. Отандастарының барлығы Александрды қолдап, елі мен жері үшін алаңдаушылық білдіргені үшін алғыс айтып жатыр. Өз кезегімізде біз де «Отаным маған не берді емес, мен Отаныма не бере аламын» деп өсіп келе жатқан ұрпақтың куәсі болуға қатты қуанып, Сашаның хатын өзгелерге үлгі-өнеге ретінде сол қалпында беруді жөн көріп отырмыз!..


Құрметті Владимир Владимирович!

Соңғы кездері сіздің аузыңыздан көршілес жатқан елдерге қатысты жауласушы сөздерді жиі естіп қап жүрміз. Сіз басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыстар құқығының тапталып жатқандығы туралы жиі айтасыз. Алайда «басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан орыстар» - сол мемлекеттің толыққанды АЗАМАТЫ екенін Сіздің есіңізге сала отырып, шетелдіктерді қалай қорғамақсыз деп сұрағым келеді. Ең бастысы, сонда кімнен?

Поделиться
+1