Қаржы полициясы Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Экс-әкім ақшалай қаражатты жымқыру және аса ірі көлемде пара алу мақсатында облыстық әкімдік қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деп айыпталуда. Бүгінгі таңда айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда. Толық ақпарат қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаннан кейін берілетін болады.

Поделиться
+1