Ақсу қаласының 34 жасар тұрғыны суға кетті

Кеше Ақсу қаласының 34 жасар тұрғыны суға кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсу қалалық төтенше жағдайлар бөліміне 1980 жылғы азаматтың Мұнай базасы аумағындағы Белая өзеніне демалуға кеткен топ құрамында болып, жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Мамандардың болжамынша, ақсулық суға батып кеткен. Әзірге оның денесі табылмады.

Поделиться
+1