Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді. Бұл туралы BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарда күн ашық болады. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. 
Қызылорда облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында аптап ыстық болады. Батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс пен орталық аймақтарда жоғары өрт қауіптілігі сақталады. 
Ал елордада күндіз көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, сынап бағанасы +29...+31°С. көрсетеді. 
Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды, 31 градус ыстық болады. 

Поделиться
+1