Алматыдан 425 км қашықтықта жер сілкінді

9 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 03.52-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 425 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2014 жылғы 9 шілдеде сағат 03.52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 425 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 12.4. Магнитудасы MPV 5.6», - делінген ақпаратта.

 

Поделиться
+1