Жамбыл облысында төрт вагон рельстен шығып кетті

Жамбыл облысы Шөлдала стансасының маңында тағы  жүк пойызы апатқа ұшырады. 
Құрылыс ағаштарына толы вагондардың төртеуі бірден рельстен шығып кеткен. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды 24.kz. 

Қазір оқиға орнында теміржолды тазалау мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан пойыздарды тоқтату болған жоқ. Апаттың орын алу себептері анықталу үстінде.

Ресейде және Украинада шығарылған вагондардың барлығы жақында ғана жөндеуден өткізілген екен. 
Айта кетейік, мұндай жағдай соңғы он күнде өңірде екінші рет тіркеліп отыр.

Поделиться
+1