Оралда бір азамат танысының мұрнын тістеп, жұлып алды

Оралдың қалалық сотына өзінің танысы - әйел адамның мұрнын тістеп алған 46 жастағы айыпталушының ісі тапсырылды, деп хабарлады «Уральская неделя» газеті.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 2014 жылдың мамырында күндіз 46 жастағы айыпталушы Желаевский жолы маңында  орналасқан «Казвторчермет» АҚ-ның әкімшілік  ғимаратына келген. Кірген бетте әйелді басынан ұстаған күйі үстелге соққылаған, артынша әйелдің мұрнын тістеп,жұлып алған.

Болған жағдайдан кейін кәсіпорын күзетшілері ер адамды ұстап, жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 103-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір айыпталушы қамауда.

Поделиться
+1