Ақсу қаласы С. Дөнентаев көшесінде орналасқан көпқабатты пәтер өртке оранып, 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызыл жалын пәтер мүлкін щарпыған. Түтін салдарынан құтқарушылар тұрғындарды сыртқа шағаруға мәжбүр болды. Төтенше жағдай орын алған жерден шығарылған азаматтардың қатарында 4 бала болды. Оның біреуі - бір жасқа толмаған нәресте. Қыз бала өрт кезінде көршілес пәтерде болып, түтіннен уланған. Нәресте Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігер-мамандардың айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық. Айта кетерлігі, бұл уақытта өртенген пәтердің қожайыны мас күйінде болған. Қазіргі таңда ол полиция бөліміне жеткізілген.