Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi

Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Аргентина мен Нидерланды құрамалары кездесу өткiздi.

Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi.

Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп - 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына шешілді.

Поделиться
+1