Ақтоғай ауданында 17 қой өртеніп кетті

Актоғай ауданы Мүткенов ауылында шаруашылық алаңы өртке оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Қызыл жалын салдарынан жазғы мал жабындысы бар ағаш құралдары өртенді. Сонымен қатар, 17 бас қой жанып кетті. Қазіргі таңда келтірілген зиян көлемі мен өрт себебі анықталуда.

Поделиться
+1