Ресейдің Краснодар өлкесінде жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі өзенге құлап кетті

Ресейдің Краснодар өлкесінде 35 жолаушысы бар автобус пен 28 адам мінген жүк көлігі өзенге құлап кетті, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Сочидің Лазарев ауданында болған жол апатынан 1 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған, олардың үшеуі балалар. ГАЗ-66 көлігінде 28 турист болыпты, олардың 20-сы балалар екен. 
Астана уақыты бойынша 9 шілде сағат 00:00 шамасында Бабук-Аул ауылы маңында көлік өзенге құлап кеткен. Дереккөздің мәліметіне қарағанда, тежегіштің істен шығуы жол апатына әкеп соқты. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. 
9 шілдеде Краснодар өлкесінде де ірі жол апаты орын алды. Мұнда 35 жолаушысы бар автобус өзенге құлап кеткен. Жолаушылардың 32-сі балалар. 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 13-15 жас аралығындағы балалар Волгоград облысынан Краснодар өлкесіне демалуға келе жатқаны белгілі болды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, көлігін басқара алмай қалған. 

Поделиться
+1