«Батыр жолы» ұрыстың тарихи қайта құрылымы және жастар жорығы.

Іс-шараның атауы:«Батыр жолы» ұрыстың тарихи қайта құрылымы және жастар жорығы.

Өтетін күні: 2014 жылдың 11-шілдеден 12 шілдеге дейін

Өтетін орны: Май ауданы Ақшиман ауылы (аты аңызға айналғын «Қалмақ қырылған жер» )

Ұйымдастырушы: Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ

Міндеттері:

-         патриоттық сезімін тәрбиелеу, бір мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан халқын біріктіру

-         қарапайым эко-туристтік дағдыларын иемдену үшін жағдай жасау

 

Қысқаша сипаттама:

 

Қазақ халқының тарихы тарих әлемінде ерекше орын алады, сондықтан да жастардың  тарихи қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ аты аңызға айналған «Қалмақ қырылған жерге» тарихи жорыққа шығады.

Жүзден астам жастар аңыз болып кеткен «Қалмақ қырылған жерге» Қазақтар мен Жоңғарлардың соғысқан жолдар бойынша шеруге қатысады.

Екі күндік жорықта 12 киіз үйден құрылған этноауыл құрады, қоныстарған жастар өздерінің киіз үйлерін ұлттық нақышта орнықтыра бастайды және кйіз үй қаласында үздігін таңдау сайысына қатысады.

         Жорық барысында  жастар аңыз әңгімелер айтып және осы аймаққа қатысты  тарих жөнінде айтатын болады,  сонымен бірге олар тек тарихи ұрыстың қайта құрылғанының куәгері ғана болып қоймай өздері де қатыса алады. Бір-екі күнге біздің делегация қазіргі заман адамдарынан 18 ғасыр адамдарына айналатын болады. Павлодардан 200 адам жіберілетін болады, олар Жоңғарлар мен Қазақтарға бөлінеді және сол заманғы киімдерді киіп алып соғыстың қайта құрылғанын көрсетеді.  Әрқайсысына соғыс қару – жарағы, арнайы тапсырыс бойынша жасалып құйылған сауыт-сайман беріледі.

         Соғысты құру үшін арнайы Ж. Аймауытов театрының кәсіби актерлері, садақшылары, сонымен қатар тәжірибелі  сарбаздар жұмылдыратын болады.

         Ұрыстан кейін қатысушыларды қазақтардың ұлттық ойындары мен көк-пар, теңге алу, қазақша күрес, аттың үстінде күресу, қазақтың ұлттық тағамы – Бауырсақты үздік дайындау сайыстары күтіп отыр.

Осы екі күндік жорық «Қалмақ қырылған жер» аты аңызға айналған ұрыс орнына Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеу, және тарихи ағарту құралдары арқылы патриоттық сана сезімін қалыптастыруға көмек-көрсетеді.

БАҚ аталған іс-шараға қатысу үшін шақырамыз.

Қосымша ақпаратқа арналған тел:

 

Жусупбаев Саят – 87770660909

Журналиттердің шығуы (тілек бойынша) 11 шілдеде таңғы сағ. 7.00-де Ломов көш 38 ЖҚКО-нан немесе 11 шілдеде таңғы сағ. 7.00-де Естай атындағы мәдениет сарайынан.

Поделиться
+1