Сноуден Ресейде болу мерзімін ұзартуды сұрады

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресейдің федералдық көші-қон қызметіне осы елдің аумағында болу мерзімін ұзарту өтінімін жасады.

Бұл туралы оның қорғаушысы Анатолий Кучерена мәлім етті, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қорғаушы Сноуден қандай мәртебемен Ресей аумағында болуына рұқсат сұрап отырғандығын нақтыламады. Биылғы 31 шілдеде оның осы елді уақытша паналау мерзімі аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың шілде айында Сноуден америкалық арнайы қызметтердің бүкіл әлем бойынша интернет аңду жүргізіп жүргенін баспасөз құралдарына жайып салған болатын. Шілденің 23-і жұлдызында ол Мәскеуге ұшып келді. Өткен жылдың жазында ол Ресейден уақытша пана тапты.

Поделиться
+1