Оңтүстік Қазақстан тұрғыны өзінің кәмелет жасына толған қызын зорлап тастады

ОҚО-да Арыс аудандық соты өзінің туған қызын зорлаған азаматқа қатысты үкім шығарды.

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында спирттік ішімдікке сылқия тойған айыпты үйінде әйелінің жоқтығын пайдаланып, кәмелет жасына толған қызын зорлаған.

Арыс аудандық сотының 28 маусымда шығарған үкіміне сәйкес, С.К. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы бойынша кінәлі деп табылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын ол жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында дәл осындай оқиғалар бұған дейін де орын алған. Ағымдағы жылдың ақпан айында 13 жасар қыз мектеп дәрігеріне қаралғаннан кейін оның аяғы ауыр екені анықталған.

Кейінірек белгілі болғандай, мектеп оқушысын бірнеше уақыттан бері өз әкесі зорлап келген. Облыстық ауруханада жеткіншек қызға ота жасалып, шарана алынып тасталды.

Поделиться
+1