Алматыда 2015 жылдан бастап жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізіледі

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде 2015 жылдан бастап, жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлады.

"Көп ұзамай оңтүстік астана тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге мүмкіндік алады. Алдағы жылдың басынан қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын төлеудің электронды жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл жерде төлем құралы - арнайы пластикалық смарт-карталар немесе банк карточкалары болуы ықтимал. Ол жағы қазір нақтылану үстінде" - делінген хабарламада.

Бір айта кетерлігі, электронды карталар автобустарда, трамвайларда және троллейбустарда жүруге жарамды болмақ.

Алматы қаласының басшылығы осылайша қолға алынып жатқан жаңа жүйе арқылы қазіргі таңда қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеу барысында орын алатын алаяқтық әрекеттерді біржола жоймақ ниетте.

Поделиться
+1