Бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, ал оңтүстікте жоғары өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайдыBNews.kz. 

«Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді. Ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыс пен орталықта жоғары өрт қауіптілігі сақтаалды», - делінген хабарламада. 
Өзге аймақтарда күн ыстық әрі ашық болады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында -15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. 
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. 

Поделиться
+1