Қытайдың Хунань провинциясында балабақша тәрбиеленушілері мінген шағын автобус тоғанға құлап, 11 адам қаза тапты, олардың 8-і балалар. Бұл туралы 11 шілде күні «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
Оқиға 10 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де Чанша провинциясының астанасына жақын маңда орын алған. Шағын автобуста Сянтань қаласындағы балабақшадан қайтып келе жатқан балалар мен тәрбиешілер болған.
Автобус жұма күні түнде ғана тоғаннан шығарылды. Көліктің ішінен 8 бала мен жүргізушінің мәйіті табылған. Бір сағаттан кейін тәрбиешілердің де денесі табылды. Яғни автобуста болған адамдардың барлығы мерт болды. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.