ПМПИ еліміздің 30 үздік жоғары оқу орнының қатарына енді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығының шешімімен Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының рейтингісінің қорытындысы шығарылды. нәтижесінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 19 орынды иеленіп, еліміздің 30 үздік ЖОО-ның қатарынан көрінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі аталмыш оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Рейтинг-2014» байқауына 116 білім беру бағдарламасы мен 11 бағыт бойынша 71 жоғары оқу орны қатысты.
Рейтинг шығару барысында оқу орындарындағы студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің әлеуеті, ғылыми-білім ресурстарының қолжетімділігі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, түлектердің бәсекеге қабілеттілігі сынды жағдайлар ескерілді. Байқау жекелеген бакалавр мамандықтары негізінде жүргізілді. «Білім» бағыты бойынша ПМПИ «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» және «Дефектология» сынды үш мамандық бойынша алғашқы орындарды иеленді.

Поделиться
+1