Павлодарда велосипедтерді ұрлау фактілері көбейіп кетті

Павлодар облысында велосипедтерді ұрлау фактісі көбейіп кетті. Жаз басталғалы 128 оқиға тіркелген, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.  

Полиция қалалық автотұрақ аумағында ұрлық жасады деген күдікпен облыс орталығының 20 жастағы 3 тұрғынын ұстады.  Олар велосипедтерді қоршауға бекітіп қоятын кілттің болуына қарамастан заңсыз әрекеттерін жүзеге асырған.

Ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезіктілерге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.   Полицейлер айғақты заттарды тәркілеп, белгілі бір құжатпен иелеріне қайтарды.

Тәртіп сақшылары велосипедті қараусыз қалдырмауға кеңес береді.  

Айта кету керек, велосипедті айдап әкеткені үшін ұрылар ҚР ҚК 175-бабында қарастырылғандай үштен төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Поделиться
+1