Бөрлі ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «IGS Corporation» ЖШС-ның 150 қазақстандық қызметкері мен 14 шетел азаматына (Румынияның 12 және Филиппиннің 2 азаматы) биылғы қаңтар-сәуір айлары үшін 63827396 теңге көлемінде жалақы бойынша жасырын түрде берешек екендігін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Еңбек кодексінің 134-бабы 1-тармағына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Аталған қызметкерлерге еңбекақы уақтылы төленбей, олардың ҚР Конституциясының 28-бабында көзделген құқықтары бұзылған.
Прокурордың ұйғарымды мәжбүрлі түрде орындату туралы қаулысы бойынша жалақы қарызы толығымен өтелді.