Алжир азаматы Лувр мен Эйфель мұнарасын жармақ болды

Франция полициясы Лувр, Эйфель мұнарасы мен АЭС жарылыстарының алдын алды, деп хабарлайды BNews.kz.

France 24 телеарнасының хабарлауынша, лаңкестік актілерді Францияның оңтүстігіндегі Воклюз департаментінде тұратын 29 жастағы алжирлік қасапшы Әли М. жүзеге асырмақ болған.

Полиция оның "Ислам Магриб елдеріндегі Әл-Каида" лаңкестік тобының мүшесімен алмасқан шифрланған хабарламаларын анықтап, олардың жоспарларын біліп алған.

Лаңкестер француздар көп жиналатын жерлерді жармақ болған. Енді жақын арада Әли сотталады.

Поделиться
+1